Бұдан әрі «Кооператив» деп аталатын «BARAKYAT HOUSE» тұтыну кооперативі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен (2018 жылғы 27 қарашадағы №1 хаттама) қатысушылардың материалдық және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін азаматтардың ерікті бірлестігі ретінде мүшелік негізінде құрылды.
Кооператив құрылтай мүшелерінің өз қаржысымен жылжымайтын мүлікті(оның ішінде үй/пәтер, тұрғын емес ғимарат / бөлме, жер және тағы басқа) және автокөлікті сатып алуға қатысты жұмыстарды өткізу үшін құрылған.