Топ 16 вопросов

1. Кооператив деген не?

Жауап: Тұтыну кооперативі - қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi; Тұтыну кооперативi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәрежеде ғана айналыса алады. Тұтыну кооперативi мүлiктiк (пайлық) жарналар есебiнен, өз мүшелерiнiң мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты жекелеген мiндеттердi орындау үшiн құрылады.

2. Неге кооперативке кіріп , кооператив арқылы мүліктер алу тиімді?

Жауап: Өйткені банктегі сияқты үстінен 30-50пайыз ақша төлемейсіз . Өйткені кооперативте сенің кредитің бар ма, жоқ па қарамайды. Сізден табысыңызды дәлелдеу анықтамасын және зейнетақы қорына төлейсіз ба сұрамайды. Мүлік өз атыңызға тіркеледі.

3. Кооператив мүшесінде қандай кепілдік бар?

Жауап:
- Кооператив жұмысы ҚР Азаматтық кодексің аумағында жүргiзiледi;
-Мемлекеттік бақылау;
-Коперативтің жалпы жиналысы;
-Жарналық счет Халық банкі АҚ-да;
-Пайлық жарнаны 100% қайтарып беру;
-Әр этапта келісімшарт жасалады.

4. Неге кооперативтен қарыз алу үшін жеке куәлік пен мекенжай анықтамасы жеткілікті?

Жауап: Өйткені Коператив ешнәрседен қауіптенбейді. Алынған үй кооператив мүшесінің атына жазылып, ол мүлікке обременение қойылады. Егер кооператив мүшесі алған үйіне ай сайынғы төлемді төлей алмаған жағдайда , кооператив сол үйді сатып , ақшасын қайтарып алады. Сонымен қатар , Кооператив әрбір мүшесі үшін қолайлы жағдай жасайды. Яғни , ай сайынғы төлемді төлей алмаған жағдайда , оған 3 айға дейін уақыт береді , не ай сайынғы төлемді азайтады немесе төлем уақытын ұзартады.

5. Кооператив счеты қалай және кіммен бақыланады?

Жауап: Счетты Кооператив төрағасы бақылайды. Сонымен қатар ,Кооператив мүшесіне мынадай мәліметтер беріледі:
1) кооператив мүшесінің жинақтау пай мөлшерi туралы.
2) мүлікті сатып алу және бұл үшін кооператив мүшесінің кооператив кезектілігі туралы жоспарланған мерізімдері.
3) кооператив мүшесінің кооператив мүшесіне қатысты мәліметтер табыс етілуі көзделген өзге де органдардың шешімі.

6. Ақшамызды сақтауда және қайтаруда қандай кепілдік бар?

Жауап: Кооператив мүшелерінің ақшалары Халық банк счетында Пайлық қорда сақталады. Ол жерден ақша тек кооператив мүшелеріне мүлік сатып алуға және ақшаны қайтып беруге жұмсалады. Тұтыну кооперативі туралы заңға сәйкес , Тұтыну кооперативiнiң мүшесi өз еркiмен шыққан жағдайда тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi енгiзген мүлiктiк (пайлық) жарнасына бара-бар өз үлесiн 100% қайтарып алады.

7. Кооператив жабылып қалса , ақшамыз құрып кетпей ма?

Жауап: Жарғыға сәйкес, Кооператив жабылу үшін «Barakyat House» ТК мүшелерінің барлағы кооперативтен шығу керек. Ал егер бір адам қарсы болса , онда кооператив жабылмайды. Ал егер кооператив жабылып жатса, онда кооператив мүшесінің кооператив мүлкіндегі үлесін өзінің мүліктік (пайлық) жарнасына бара-бар бөліп алуға құқығы бар.

8. Кооперативке кіруге қандай жаста болу керек?

Жауап: 18 бен 70 жас арасында.

9. Банкрот болмауға қандай кепілдік?

Жауап: Кооператив банкрот бола алмайды , өйткені ол коммерциялық құрылым емес. Кооператив тек Жалпы жиналыстың шешімімен ғана таратыла алады.

10. Мен кооператив арқылы бірнеше мүлік ала алам ба?

Жауап: Иә сіз кооператив арқылы бірнеше мүлік ала аласыз.

11. Егер мен кооперативтен шыққым келсе ақшам не болады?

Жауап: Егер сіз кооперативтің мүшелігінен шыққыңыз келсе , кооператив сіздің пайлық жарнанызды 100 пайыз қайтып береді

12. Маған мүлікті кім іздейді?

Жауап: Сіз өзіңіз іздейсіз. Тапқаннан кейін кооператив заңгерлері құжаттарын тексеріп, қате не дұрыстығын айтады.

13. Біз сіздердің салған үйлеріңізді сатып аламыз ба?

Жауап: Біз үйтұрғын құрылыс кооперативі емеспіз. Біз тек адамдарға , мүлік сатып алуға көметесеміз.

14. Сіздердің бағдарламалар қандай өңірлерде жарамды?

Жауап: Бас офис Қарағанды қаласында орналасқан. Бірақ Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында жарамды.